БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Әсет-Әли» бөбекжай балабақшасы

Балабақша ашылған жылы:  2016 жыл,  1 маусым

Құрылтайшы: Турымова Галия Турганбековна

Балалардың жалпы саны: 250

Бөбекжай-бақшада 8 топ жұмыс жасайды.

Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Балабақшада барлығы12 топ .

Онда жоғары және арнаулы орта білімді 12 тәрбиеші жұмыс жасайды

Педагог- психолог, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, хореограф  маманымен қамтамасыз етілген.

Сарыағаш ауданының білім бөлімі жолдамасы бойынша, балалар 2 жастан бастап бөбекжай балабақшада қабылданады. Топтар балалардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Балабақша жұмысын 8.00-де, кешкі сағат 18.30-да аяқтайды.

Тамақтандыру: Төрт мезгіл

Мектепке дейінгі ұйымның жалпы мінездемесі:

Бөбекжай балабақша 250 балаға арналып,11 топты қамтиды. Мектепке дейінгі ұйымда мамандандырылған педагог қызметкерлер жұмыс жасайды. Олар: педагог-психолог, дене тәрбиесі нұсқаушысы, хореограф,  тәрбиешілер. Балабақша педагогтары білімдерін үздіксіз жетілдіріп, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімдерін жетілдірген, ізденіс, шығармашылықта, қазіргі сұранысы күрделі, талапшыл, арманы асқақ балапандарға қалтқысыз қызмет етуде.

Бөбекжай балабақшаның  басты ұстанымы- бәсекеге қабілетімен құзіретті, әрбір іс-әрекетке креативті көзқараспен қарайтын, ана тілімен бірге өзге де тілдерді меңгере алатын әлемдік сұранысқа жауап бере алатын тұлға қалыптастыру.  Тәрбиелі, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу мен оның танымын кеңейту.

Негізгі қолданылатын бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығы) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі — МЖМБС), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20625 болып тіркелген) және Үлгілік бағдарламасының толық көлемде іске асырылады.